Серіктестер біз туралы

Гонг Дже Юон, «Джон Бан МеталлПром» ЖШС басшысы




Суреттер


Қайырлы күн, құрметті Қазақстан Республикасының тұрғындары. Өзіңізді таныстыруға рұқсат етіңіз, мен металлургия өндірісінің мырыш-қорғасын қалдықтарын қайта өңдеу жобасының негізгі инвесторларының бірімін. Біздің компания өз қызметін 2018 жылы Шымкент қаласында бастады, бірақ Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына байланысты біз Тараз қаласына көшуді шештік. Онда бізді шетелдік бизнесті жүргізу тұрғысынан Мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етті. Сол сәтте KAZAKH INVEST Ұлттық Компаниясы қосылып, өңірдің қаржы институттарымен, Жамбыл облысының әкімдігімен өзара қарым-қатынасты нығайтуға көмектсіп, біздің жобамызды индустрияландыру картасына енгізуге ықпал етті. Осыған байланысты туындаған мәселелерді шешуде көмек көрсеткен үшін KAZAKH INVEST компаниясына алғыс білдіргіміз келеді.

Қазақстанда әлі де көп жұмыс атқарамыз, жаңа жұмыс орындарын ашып, Жамбыл облысының және жалпы Қазақстан Республикасының аймағына инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беретін, жаңа технологиялық желілерді саламыз. KAZAKH INVEST Ұлттық Компаниясына, сондай-ақ Жамбыл облысының әкімдігіне, Тараз қаласындағы біздің индустриялық жобамызды іске асыруға көмектескен үшін тағы да жеке алғысымды білдіргім келеді.

Құрметпен Гонг Дже Юон

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге