Серіктестер біз туралы

Щербаков Станислав, Sharcem инвестициялық жобаларының басқарушы директоры:




Суреттер


Қайырлы күн, менің атым Щербаков Станислав Александрович. Қазақстан Республикасындағы "ALACEM", "KORCEM", "SHARCEM","AQTOBECEM" қазақстандық-сингапурлық бірлескен холдингтін инвестициялық жобалардың жетекшісімін. Біздің негізгі стратегиялық серіктесіміз акциялары Сингапур биржасында бағаланатын International Cement group компаниясы болып табылады. Қазақстанда цемент зауыттарын салуына байланысты, біздің инвестициялық жобаларымызда көрсетілген қолдау үшін, KAZAKH INVEST Ұлттық Компаниясының ұжымы мен басшылығына, біздің командамыздың атынан алғысымды білдіргім келеді. KAZAKH INVEST компаниясының тікелей қолдауымен Алматы облысында Alacem атты жобаларымыздың бірі сәтті аяқталды. Осы жобада шамамен 43 миллиард теңге тікелей шетелдік инвестиция игеріліп, 650 жаңа жұмыс орны бар және жылына 1.2 миллион тонна цемент шығаратын зауыт 2021 жылы іске қосылды. Бұл Қазақстандағы цемент өндірісі бойынша, құрылыс секторындағы жаппай өнім оңдіретін ең жаңа заманауи зауыт. Бүгінгі таңда Алматы облысы үшін стратегиялық маңызы бар кәсіпорын сәтті жұмыс істеуде. Сондай-ақ, біз осыған ұқсас үш жобаны 2021 жылы іске асыруға кірістік. 2022 жылда Шығыс Қазақстан облысында цемент зауытының іске қосылуын, ал 2024 жылда Ақтөбе және Жамбыл облыстарында өндірістерің іске қосылуын болжап отырмыз. KAZAKH INVEST Ұлттық Компаниясы инвестициялық жобаны іске асыру үшін, қажетті қолайлы жағдайлар жасау миссиясын толығымен ұстанатынын атап өткім келеді. KAZAKH INVEST ұжымы барлық деңгейлерде компанияларға инвестициялық қызметте, преференциялар алуда жәрдем және қолдау көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан бірлескен бастамалардың арқасында индустриялық жобаларды іске асыру үшін ыңғайлы және тартымды инвестициялық алаңға айналуда. Бұл Қазақстанның экономикалық өсуінің негізі болып табылады және барлық салаларға мультипликативтік әсер етеді. Біздің ортақ идеяға сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз және сіздермен бірге басталған перспективалы жобалар бойынша бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға қуаныштымыз. Рахмет.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге