Іс-шаралар

«Инкубациялық жұмыртқа өндірісі: аталық ферма-инкубациялық маршрут бойынша» тақырыбындағы вебинар

Онлайн


Сіздерді «Инкубациялық жұмыртқа өндірісі: аталық ферма-инкубациялық маршрут бойынша» бірегей вебинарға қатысуға шақырамыз.

Өткізу күні: 31 қазан 16.00 с. (Астана уақыты).

Спикерлер: Vencomatic Group BV-ның құс шаруашылығы саласындағы сарапшылар

Модераторлар: VENCOMATIC Group BV компаниясының ТМД нарығындағы сату жөніндегі менеджері – Татьяна Алифанова және KazakhInvest компаниясының өкілі – Ұлбосын Сарыбаева.

Өтетін орны: ZOOM онлайн платформасы. 

Вебинарға алдын ала тіркеліңіз: https://us02web.zoom.us/j/88477118477?pwd=K21wRXd0T2s4bUR3UnVKV2w5NjBrZz09

Вебинарды ұйымдастырушы: Vencomatic Group BV. Қолдау көрсеткендер – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі және Kazakh Invest.

Вебинар бағдарламасы:

Спикерлердің кіріспе сөзі

Компания туралы
  • Таза және жоғары сапалы инкубациялық жұмыртқа өндірісі

  • Ата-аналық фермадан инкубаторға дейін қауіпсіз маршрут

  • Инкубациялық науаларға тамаша орналастыру

Сұрақ-жауап бөлімі

Анықтама үшін: Вебинарлар сериясы Vencomatic Group BV мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы 2022 жылғы 16 маусымдағы меморандум негізінде тегін ұйымдастырылады.

Vencomatic Group BV – 1983 жылы инкубациялық жұмыртқаларды өндіруге арналған шешімдерді әзірлеуде өз қызметін бастаған отбасылық компания. Компанияның құрамына Prinzen (үстел және инкубациялық жұмыртқаны өңдеу жүйелері), Agro Supply (микроклиматтық шешімдер), Van Gent (ата-аналық қор шешімдері), Rondeel (органикалық асханалық жұмыртқа фермалары), VencoSteel (болат өнімдері) брендтері кіреді. 450-ден астам арнайы қызметкері бар Vencomatic Group мыңдаған тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Vencomatic тобының бас кеңсесі Нидерланды, Эрсель, Венко кампусында орналасқан. Vencomatic тобының Бразилия, Қытай, Франция, Малайзия, Испания, АҚШ, Ұлыбританияда филиалдары бар.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге