Медиа орталық

Атырау облысында бизнесті мемлекеттік қолдау мен дамытудың кешенді шаралары жүзеге асырылуда

Атырау облысында бизнесті мемлекеттік қолдау мен дамытудың кешенді шаралары жүзеге асырылуда

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында облыста 1 405 атыраулық кәсіпкерге қолдау көрсетілді, бұл 10 236 жұмыс орнын сақтап қалуға және 1 702 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты , деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің саны 2,7 пайызға (51 354 бірлік) өсті. Жаңа өнім түрлерінің өндірісі дамып келеді.

"УЛЬТРАСТАБ" және "ӨңҚ-Каспий" компаниялары полипропиленнен геотекстиль және экструзиялық геосинтетика өндірісі үшін бірлескен кәсіпорындар құрылды", - деді М.Досмұхамбетов.

"Кәсіпкерлікті қолдау картасы" аясында 9,9 млрд. теңге сомасына 3 жоба іске асырылуда. Түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыт ("Каспиан Групп Констракшн"ЖШС) пайдалануға берілді.

2021 жылдың соңына дейін тамақ қалдықтарынан органикалық тыңайтқыштар өндіру ("Нефтестройсервис" ЖШС) және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру ("Иси Гипс Индер"ЖШС) бойынша жобалар іске қосылады деп күтілуде.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге