Біз туралы

Шәпкенов Серік Жамбылұлы

Әкім

Жалпы ақпарат, білім

Серік Жамбылұлы Шәпкенов (29 шілде 1979Қаратөбе ауылы, Қаратөбе ауданыБатыс Қазақстан облысыҚазақ КСРКСРО) — мемлекеттік қайраткер. 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысыҚаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.

Мансап

  • 2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
  • 2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
  • 2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.
  • 2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.
  • 2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылықдепартаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
  • 2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылық департаменті директорының орынбасары.
  • 2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
  • 2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
  • 2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
  • 2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары
  • 2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
  • 2021— 2022 жылдары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
  • 2022 жылдың 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды[2].

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге