Іс-шаралар

28-ШІ ОРТА АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАУ-КЕН ЖАБДЫҒЫ, РУДАЛАР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЫТУ» КӨРМЕСІ

28-ШІ ОРТА АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТАУ-КЕН ЖАБДЫҒЫ, РУДАЛАР МЕН МИНЕРАЛДАРДЫ ӨНДІРУ ЖӘНЕ БАЙЫТУ» КӨРМЕСІ

Алматы қ., Қазақстан
Жалпы ауданы 15 500 ш.м. «Атакент» ҚІЫО-ның кең аумағында үш күн ішінде - 20-22 қыркүйек аралығында екі ірі салалық көрменің Біріккен экспозициясы ашылады: 28-ші «Тау-кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» Орта-Азиялық Халықаралық - Mining and Metals Central Asia 2023 және 19-шы «Жол және Өнеркәсіптік Құрылыс, Коммуналдық Техника» Қазақстандық Халықаралық - Kazcomak 2023 көрмесі.

Австралия, Австрия, Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Үндістан, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Кипр, Қытай, Латвия, Нидерланды, Норвегия, БАӘ, Польша, Ресей, Сент-Китс және Невис, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Швейцария, Швеция, Эстония, Оңтүстік Африка Республикасы, Оңтүстік Корея экспонеттері тау-кен өндірістеріне, тау-кен байыту комбинаттарына арналған жабдықтар мен технологияларды, тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, цифрландыру және автоматтандыру шешімдерін ұсынады. Сондай-ақ, көше экспозициясында келушілерге тау-кен ісіне арналған арнайы техниканың 40-тан астам үлгісі ұсынылады.

Бүгінгі таңда ТМК елдің ЖІӨ-нің 10%-на дейін қалыптастырады, бұл сала жыл сайынғы өсімді тұрақты түрде көрсетіп отыр. Бұған көрменің жыл сайын өсіп келе жатқан көрсеткіштері де дәлел бола алады. Биыл олар стендтер мен қатысушылар саны бойынша, сондай-ақ ұсынылған мемлекеттер саны бойынша рекордты жаңартуда. Бұл әлемнің 33 елінен 370 компания. Бұл ретте қатысушылардың үштен бірі дебютант болып табылады. Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея өндірушілері өз елдерінің бірыңғай Ұлттық стендтерінінің қасында өз өнімдерін көрсетеді. Мұның бәрі шетелдік компаниялардың Қазақстан нарығына деген үлкен қызығушылығын көрсетеді.

Mining and Metals Central Asia көрмесіне қатысушылар қатарында FLSmidth, Metso, Sandvik Mining, Weir Minerals, Nord Minerals, Interrin, Orica, Epiroc, БелАЗ, Камаз, Силумин, Промгеопласт және тағы басқалар бар. Kazcomak көрмесі аясында өз стендтерін Беларусь, Қазақстан, Қытай, Ресейден Eurasian Machinery, Kazakhstan Jinghong Engineering Machiner, Reschke Rus, Sevalo Engineering Machinery Kazakhstan, SUNLONG және т.б. компаниялар ұсынады.

Қазақстанның экономикалық дамуының негізгі саласы бола отырып, тау-кен металлургия секторы жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді және көптеген инвестициялар тартады. Қазақстандық компаниялардың көрмелерге қатысуы ТМК-ны дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Шынында да, дәл осындай іс-шараларда олар өздерінің жетістіктерін, жаңа технологиялары мен өнімдерін әлемдік жұртшылық пен әлеуетті серіктестерге көрсете алады. ТМК бойынша мамандандырылған көрмелер саланың жетекші ойыншыларын, инвесторларды және үкімет өкілдерін жинайды, бұл ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Қазақстандық компаниялардың мұндай көрмелерге қатысуы көбінесе қатысушылардың жалпы санының едәуір бөлігін құрайды, шамамен 40% - ға жетеді. Бұл қазақстандық кәсіпорындардың ТМК әлемдік нарығында өз өнімдері мен технологияларын ілгерілетуге жоғары қызығушылығын білдіреді.

Көрмелердің іскерлік бағдарламасын «ТМК-дағы заманауи трендтер мен технологиялар: инновациялар, экологияландыру және өнеркәсіптік өндірістерді цифрландыру» Пленарлық отырысы бастайды. Спикерлер ретінде мемлекеттік органдар мен ірі салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері, сондай-ақ сарапшы-практиктер сөз сөйлейді. Екі семинар аймағында және нетворкинг аймақта Швед компанияларының қатысуымен «Қазақстанның тау-кен-металлургия өнеркәсібінде үздік Швед тәжірибелерін қолдану» атты Дөңгелек үстел, «ТМК кәсіпорындарын цифрландыру: нәтижелер мен перспективалар» кейс сессиясы, ORICA компаниясының үздік практикалық және цифрлық шешімдерімен таныстыратын конференция, «Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылардың жаңа жобалары мен сатып алулары» мастер класстар сериясы, AV GROUP, Epiroc, FLS, Klinkmann компанияларының семинарлары өтеді.

Биылғы жылы тағы бір жаңалы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру болып табылады. Қосымша жасанды интеллект, кездесулерді тағайындау, тапсырушыларды жинау және ең өзекті ақпаратты мобильді пайдалану мүмкіндіктері мен байланыс алмасуды жақсарту үшін озық алгоритмдер арқылы жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS - бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифырлық форматтағы көрмелер.

Көрмелерді Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі - ICA Events Компаниялар тобы ұйымдастырады. Бас серіктесі - AV GROUP компаниясы. Семинар аймағының серіктесі ретінде ORICA компаниясы тағы да ұсынылады. Келіссөздер аймағының серіктесі - Швецияның Business Sweden сауда және инвестициялық кеңесі.


Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге