Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-мерейтойлық пленарлық отырысы
2022 жылдың 25 қарашасында Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы өтеді деп хабарлаймыз.
Күні мен уақыты: 2022 жылғы 25 қараша, 9:00 (Астана қ. бойынша)
Орны: «Rixos President Astana» қонақ үйі (Қазақстан, Астана қ., Қонаев көшесі, 7)
Қатысушылар: Кездесуге Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі, Канаданың ҚР елшілігі, «Казатомпром» ҰАК, «Cameco» корпорациясы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Канада-Еуразия сауда палатасы (СЕСС), халықаралық қаржы институттары және екі елдің бизнес көшбасшылары қатысады.
Синхронды аударма қарастырылған.
Іс-шара қатысушыларға келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
-
бизнестің жаңа мүмкіндіктерін зерттеу;
-
сарапшылардан Қазақстан мен Канадада бизнес жүргізудің мүмкіндіктері мен проблемалары туралы білу;
-
әлеуетті клиенттермен және іскер серіктестермен кездесулер өткізу;
-
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен, іскер адамдармен және канадалық компаниялармен кездесулер өткізу.
Қосымша ақпарат: https://www.cerbanet.org/event-4994330?CalendarViewType=0&SelectedDate=10/11/2022