Астанада Қазақстан-Фин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ҮАК 11-ші кездесуі өтеді
2019 жылдың 28 ақпанынан 1 наурызыға дейін Астана қаласында Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-ші отырысы өтеді.
Қазақстан жағынан ҮАК тең төрағасы - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, фин тарапынан - Финляндия Республикасының сыртқы сауда және даму министрі Анна Мари Виролайнен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, екі елдің іскер топтарының 40-тан астам өкілдері қатысады деп жоспарлануда.
ҮАК отырысында тараптар 2018 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша келісімдерді жүзеге асыру аясында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.
Іс-шара барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Finnish WaterForum», «AINS», «Kauko International», «Nokia», «Nurminen Logistics» және т.б. фин және отандық компаниялар басшыларының таныстырылымдарын өткізу жоспарланған.