2021 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық
Сіздерді «2021 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы екінші вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинарлар сериясын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қатысуымен ұйымдастырды.
Осы вебинарлардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады. Вебинар аясында «Сұрақтар мен жауаптар» сессиясы да қарастырылған.
Күні мен уақыты: 19 қазан 2021 / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
Қосылу үшін:
https://us02web.zoom.us/j/84731906726?pwd=UnlNeHhMY1N2L21kU1hrV2l6eS90UT09
Назар аударыңыз: ZOOM платформасындағы вебинарға алғашқы 100 қатысушы қатыса алады.