ИТАЛИЯ-ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Италия-Қазақстан виртуалды бизнес-форумынақатысуға шақырады. Іс-шараны Италия Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Италияның Конфиндустрия өнеркәсібінің жалпы конфедерациясы, Италияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, ICE агенттігі «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Атамекен ҰКП бірлесіп ұйымдастырды.
Форум екі елдің өндірістік болмысын өзара түсінуді тереңдетуге, жасыл экономика, ЖЭК, аграрлық бизнес, сондай-ақ машина жасау және өңдеу өнеркәсібі секторларына арналған тақырыптық акценттермен ынтымақтастықты және екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті көтермелеуге бағытталған.
Іс-шараға тіркелу үшін келесі сілтеме бойынша сауалнаманы толтыру қажет https://go.confindustria.it/#currentinitiatives. Тіркеуден өткен және профильді сол жақ жоғарғы бұрыштағы ашылмалы мәзірдегі «Қатысушы профилінің редакторы» бөлімінде толтырған барлық қатысушылар іс-шара парақшасына кіргеннен кейін B2B кездесулерге қатысуға мүмкіндік алады.
Күні: 9 маусым 2021 жылы
Уақыты: сағат 14.00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
сағат 10:00 (Рим қ. уақыты бойынша)