Чех-Қазақстан бизнес форумы
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Сіздерді Чехия-Қазақстан бизнес форумына қатысуға шақырады. Бұл іс-шара Чехия Премьер-Министрі Петр Фиаланың Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында өткізіліп отыр.
Форум чех инвесторларына Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру және екіжақты іскерлік қарым-қатынастарды дамыту мақсатында өткізіліп отыр.
Форум аясында бірлескен іскерлік серіктестік орнату мақсатында қазақстандық компаниялардың чех компанияларымен іскерлік кездесулерін өткізу жоспарлануда.
Күні мен уақыты: 24 сәуір 2023 жыл 10:30 с.
Өтетін орны: Rixos President Astana қонақ үйі, Астана, Қазақстан
Барлық сұрақтар бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жауапты тұлғасы
Жанат Арманға +7 775 197 77 97, e-mail a.zhanat@invest.gov.kz хабарласыңыз.