Нью-Делиде «Өзгерістер үстіндегі Еуразиядағы Қазақстан» бизнес форумы өтеді
Ағымдағы жылғы 14 қарашада Нью-Делиде «Өзгерістер үстіндегі Еуразиядағы Қазақстан» бизнес форумы өтеді. Іс-шараға Қазақстан мен Үндістанның мемлекеттік және іскерлік орталары қатысады. Форум әлеуетті бірлескен жобаларды талқылау, бизнес әріптестерді іздеу, елдер арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыруға арналған алаң болып табылады.
Іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту болып табылады. Қазақстандық тарап тау-кен-металлургиялық кешендер, энергетика, логистика, машина жасау және мұнай-газ-химиядағы Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырады.
Форум қорытындысы бойынша ынтымақтастық, коммерциялық және коммерциялық емес құжаттар туралы бірқатар меморандумдарға қол қою жоспарлануда.