Қазақстан-Германия бизнес форумы
KAZAKH INVEST Сіздерді Германия Федералды Канцлері Олаф Шольцтың сапары аясында өтетін Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысуға шақырады. Іс-шара 2024 жылдың 16 қыркүйегінде Астана қаласында өтеді.
Форумда Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің таныстырылымы, сондай-ақ ынтымақтастықты кеңейтудің перспективалы бағыттары болады. Қазақстандық және неміс компанияларының бірлескен серіктестік орнату мен дамытуға бағытталған іскерлік кездесулеріне ерекше назар аударылады.
Германия делегациясының өкілдерімен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз – жүктеп алу.
Іс-шараға қатысу үшін осы сілтеме арқылы тіркелу қажет.