Іс-шаралар

Қазақстан-германия бизнес форумы

Қазақстан-германия бизнес форумы

Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан


«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ағымдағы жылдың 6 қыркүйегі сағат 12:20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Жаһандық бизнестің жаңа ережелеріне бейімделу-өнеркәсіп, энергетика және логистикадағы ортақ мүмкіндіктер» тақырыбындағы Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысуға шақырады. Бизнес-форумды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырып отыр.

Шара барысында Қазақстан мен Германияның ресми және іскер топтары арасындағы өнеркәсіп, энергетика және логистика саласындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Шара аясында қазақстандық компаниялар мен неміс әріптестері арасында әлеуетті инвесторларды тартуға және бірлескен іскерлік серіктестік орнатуға мүмкіндік беретін іскерлік кездесулер өткізу жоспарлануда.

Іс-шараға қатысу үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жоба менеджері Раджан Ержанға хабарласыңыз - r.yerzhan@invest.gov.kz

Іс-шараға тіркелу 2022 жылғы 1 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін ашық.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге