«Тау-кен өндіру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты Қазақстан-Канада бизнес-форумы
2023 жылдың 5 наурызында Торонто қаласында PDAC-2023 конференциясы аясында «Тау-кен өндіру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты Қазақстан-Канада бизнес-форумы өтеді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «Hatch» компаниясы ұйымдастырады.
Іс-шара аясында спикерлер қазақстандық пайдалы қазбалар нарығының перспективалары, инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер, мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ елдің геологиялық барлау секторына инновациялық технологияларды енгізу туралы сөз қозғайды.
Қазақстан Табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде 6-шы және пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша 10-шы орында (мұнай мен газды есептемегенде). Елімізде уранның әлемдік қорының 12% бар. Қазақстан Үкіметі шетелдік компанияларды өзара тиімді жобалар үшін 60-тан астам бағалы және түсті металл кен орындарын барлауға шақырады.
Өтетін уақыты: 5 наурыз, 2023 жыл, сағат 17:00 – 21:00
Өтетін орны: The International Hotel, The Ontario Room, 225 Front St W, M5V 2X3, Торонто қ., Онтарио провинциясы, Канада
Қатысу үшін төмендегі электрондық поштаға жазуды сұраймыз: d.ablyakimova@invest.gov.kz