Қазақстан-Кипр бизнес форумы
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ағымдағы жылдың 21 маусымда Алматы қаласында өтетін Қазақстан-Кипр бизнес форумына қатысуға шақырады. Форумды Кипрдің Сауда-өнеркәсіп палатасы және де Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырып отыр.
Шара барысында агроөнеркәсіптік кешен, IT секторы, қаржы, сауда, туризм және т.б. салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
Кипрдің Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі рөлін ескере отырып, бұл платформа қазақстандық бизнеске жаңа мүмкіндіктер ашуға, басқа нарықтарды зерттеуге және қазақстандық және кипрлік компаниялар арасында іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысу үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жоба менеджері Аблякимова Дианаға хабарласыңыз - d.ablyakimova@invest.gov.kz.