Қазақстан-Македония бизнес форумы
2022 жылдың 5 қыркүйегінде Алматыда Қазақстан-Македония бизнес форумы өтеді. Форумды Солтүстік Македонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі және де Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырып отыр.
Форум аясында агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика, мұнай химиясы сияқты салаларда инвестициялық мүмкіндіктердің таныстырылымы жоспарланған. Сонымен қатар, Қазақстан мен Солтүстік Македонияның ресми және іскер топтары арасында екіжақты кездесулер өтеді.
Македониялық серіктестермен ынтымақтастыққа мүдделі қазақстандық компаниялар қатысуға шақырылады.
Шараға қатысу үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жоба менеджері Алтынай Мұқановаға – a.mukanova@invest.gov.kz хабарласыңыз.