Қазақстан-Сингапур бизнес форумы
Сіздерді Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобтың қатысуымен өтетін Қазақстан-Сингапур бизнес форумына қатысуға шақырамыз. Іс-шара 2023 жылғы 22 мамырда 14:20 с. Астана қаласында өтеді.
Форум бағдарламасында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу қарастырылған. Форумға Қазақстан мен Сингапурдың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысады.
Форум аясында бірлескен іскерлік серіктестік орнату мақсатында қазақстандық компаниялардың сингапурлық компанияларымен іскерлік кездесулерін өткізу жоспарлануда.
Форумға келесі компаниялар қатысады – жүктеп алыңыз.
Қатысу үшін мына ақпаратты a.zholshibekov@invest.gov.kz электрондық поштасына жіберу қажет: аты-жөні, фирманың аты, лауазымы, ЖСН және ұялы телефон нөмірі.
Бұл шараға тіркелу жабылды.