Іс-шаралар

«Әкімшілік Әділет: шетелдік инвесторларға арналған Жол картасы» тақырыбында дөңгелек үстел

«Әкімшілік Әділет: шетелдік инвесторларға арналған Жол картасы» тақырыбында дөңгелек үстел

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

2021 жылғы 19 тамызда Нұр-сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 16:00-де «ZOOM» платформасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған алқасы «Әкімшілік Әділет: шетелдік инвесторларға арналған Жол картасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараға шетелдік инвесторлар кеңесінің, Американдық Сауда-Өнеркәсіп палатасының, Еуропалық Палатаның, Қытай сауда палатасының, BeNeLux және халықаралық банктердің мүшелері шақырылды. Іс-шара үш тілде (орыс, ағылшын, қытай) өткізіледі.

Іс-шарада бизнес қоғамдастықтың келесі өзекті мәселелерін қарастырылмақ:

  1. Әкімшілік Әділет міндеттері мен жаңа тәсілдері;
  2. Сотқа дейінгі шағымдану;
  3. Талап қою үшін сот таңдау;
  4. Талап қою түрлері, талап қою талаптары және сот шешімдері;
  5. Мемлекеттік баждың мөлшері мен төленуі;
  6. Талап қою мен өтініш беру мерзімі;
  7. Істі қарау мерзімдері және сот шешімінің күшіне енуі;
  8. Өтпелі кезең. Өткізіп алған мерзім.

Тіркелу үшін: 707-0753@sud.kz.

ZOOM конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/88597304636?pwd=ZmJZbG9ObSt0S0s0M1RzSGpDZE1hUT09

Конференция идентификаторы: 885 9730 4636

Кіру коды: 287164

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге