Инвестор іздеу бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) осымен «Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пунктін және ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 қоймасын салу және пайдалану» инвестициялық жобасын іске асыру бойынша инвесторды іздеу бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
1. Инвестициялық жобаның атауы: «Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пунктін және ҚР Қорғаныс министрлігінің 2 қоймасын салу және пайдалану» (бұдан әрі – Инвестициялық жоба).
2. Объектілердің орналасқан жері:
Объектінің атауы: |
Орналасқан жері |
- Қару-жарақтарды, әскери техниканы және оқ-дәрілерді сақтау, өткізу және кәдеге жаратудың орталықтандырылған пункті |
Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы |
- Жем қ. әскери қалашығының объектілері |
Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы |
- Орта-Дересін кенті әскери қалашығының объектілері |
Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы |
3. Инвестициялық жобаның алдын-ала құны:34 681 544 мың теңге(ҚҚС-пен)
Түпкілікті құны Инвестициялық жобаға жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) бекіткеннен кейін белгілі болады.
4. Негізгі міндеттері:
1) Инвестициялық жобаның мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қаржыландыру;
2) Инвестициялық жоба құрылысын қаржыландыру.
5. Инвестор шығынын өтеу: пайдаланылмайтын мүлікті (әскери мүлікті) сатудан түскен қаражат есебінен.
6. Инвесторды айқындау өлшемшарттарын белгілейтін заңды тұлғаларға (олардың бірлестіктеріне) қойылатын біліктілік талаптары:
1) жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға, жабдықтарға, құрылыс-монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруге және Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті басқа да шығыстарға ақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаражаттың болуы;
2) халықаралық қару-жарақ нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болуы;
4) салықтық және кредиторлық берешектің болмауы;
5) банкроттық және/немесе тарату/оңалту рәсімінде болмауға тиіс.
7. Әлеуетті инвестордың конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі:
- "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ шотына (БСН 030440000693, ЖСК KZ3594805KZT22031991, БСК EURIKZKA, "Еуразиялық Банк" АҚ, Кбе 16) 3 000 000 000,00 (үш миллиард) теңге мөлшерінде кепілдікті ақшалай жарна
немесе
- "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ (БСН 030440000693, ЖСК KZ3594805KZT22031991, БСК EURIKZKA, "Еуразиялық Банк" АҚ, Кбе 16) пайдасына "ВВ-" төмен емес халықаралық рейтингі бар банк шығарған банк кепілдігін 3 000 000 000,00 (үш миллиард) теңге сомасына беру.
8. Әлеуетті инвесторлардың конкурстық өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімі:әлеуетті инвесторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 15 ақпанына дейінгі күндіқоса алғандағы мерзімге дейін жүзеге асырылады.
Конкурстық өтінімдерді ұсыну мекенжайы: "Қазақстан Инжиниринг "Ұлттық Компаниясы" АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібекхандар к-сі, 12а, электрондық мекенжайы ke@ke.kz.
9. Инвесторды іріктеу шарттары мен тәртібі:
- Қызығушылық танытқан жағдайда әлеуетті инвесторлар Компанияға конкурстық құжаттаманы ұсынуға сұрауды мынадай мекенжайға жібереді: «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар к-сі, 12а, электрондық мекенжайы ke@ke.kz.
- Компания біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті инвесторлардың атына коммерциялық ұсыныстар беру жөніндегі сұранысты жібереді.