Іс-шаралар

Тау-Кен Самұрық еншілес компаниялардың 100% акциясын сауда-саттыққа шығарады

Тау-Кен Самұрық еншілес компаниялардың 100% акциясын сауда-саттыққа шығарады

Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан

«Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ «Тау-Кен Темір» ЖШС-нің 100% және «Силикон майнинг» ЖШС-нің 100% қатысу үлесін сату бойынша аукционға қатысуға шақырады. Аукцион Нұр-Сұлтан қаласында, Сығанақ 17/10 өтеді.

Активтердің қысқаша сипаттамасы:

«Тау-Кен Темір» ЖШС 2013 жылы 4 желтоқсанда құрылған.

Негізгі қызметі: металлургиялық кремний, шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру; басқа химиялық өнімдерді өндіру.

Қатысушылар: Өнеркәсіптік компания – 100%.

«Силикон майнинг» ЖШС 2008 жылы 22 желтоқсанда құрылған.

Негізгі қызметі: металл емес кендерді өндіру және байыту; геологиялық саладағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.

Қатысушылар: Өнеркәсіптік компания – 100%.

Аукционға қатысуға өтінім 2022 жылдың 22 қыркүйегіне дейін Сығанақ 17/10 мекенжайы бойынша қабылданады..

Аукцион туралы ақпарат https://tks.kz/privatizacia/

«Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ өкілдерінің байланыс ақпараттары:

Мырзахметов Данияр: тел: +7 701 225 76 89, e-mail: d.myrzakhmetov@tks.kz

Қанафин Самат: e-mail: +7 701 389 55 41, e-mail: s.kanafin@tks.kz

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге