Іс-шаралар

«Жылыжайлардағы климат бақылау» тақырыбындағы вебинар

«Жылыжайлардағы климат бақылау» тақырыбындағы вебинар

Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді «Жылыжайлардағы климат бақылау» тақырыбындағы бірегей вебинарға қатысуға шақырамыз.

Күні: 16 наурыз, сағат 17.00 (Нұр-Сұлтан уақыты).

Спикерлер: Boal Group, Lumiforte, Signify, Hortilux, Ridder Group, Ludvig Svensson, Hoogendoorn, MJ Tech, Priva жетекші әлемдік компанияларының сарапшылары.

Модераторлар: Dutch Greenhouse Delta бас директоры – Эрик Эгбертс және Қазақстан жылыжайлары одағының президенті – Нұрлан Әділхан.

Өтетін орны: ZOOM онлайн платформасы, қосылу үшін https://us06web.zoom.us/ сілтемесін басыңыз.

Вебинарды ұйымдастырушылар: ҰАҒБО және Dutch Greenhouse Delta. Қолдау көрсеткендер – Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі, Kazakh Invest, Германия-Қазақстан аграрлық-саяси диалогы және Қазақстанның жылыжай одағы.

Анықтама: Вебинарлар сериясы ҰАҒБО мен Dutch Greenhouse Delta арасындағы 2021 жылғы 3 маусымдағы меморандум негізінде тегін ұйымдастырылады.

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ҰАҒБО) бұл Қазақстанның аграрлық саласының ғылыми-білім беру мекемелерінің мемлекет және бизнеспен тұрақты өзара әрекеттесуінің бірыңғай операторы, ғылыми-білім беру орталығы. ҰАҒБО миссиясы – аграрлық ғылымның практикалық тиімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуына жәрдемдесу.

Dutch Greenhouse Delta (DGD) бүкіл әлемде нидерландтық жылыжай бау-бақшасын ілгерілету үшін құрылған. DGD - өсіп келе жатқан мегаполистердегі азық-түлік және гүл өсіру бойынша күрделі, ауқымды жобаларға «бір терезе» болып келеді. Жетекші нидерландтық серіктестермен бірге жұмыс істей отырып, DGD зерттеудің, кәсіпкерлік тәжірибенің, білім берудің және үкіметтік қарым-қатынастардың біртұтас Fork2Farm бау-бақша экожүйесін ұсынады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге