«Жер қойнауын пайдалану учаскелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу ережесі және оны өткізу тетігі» вебинары
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментімен бірлесіп, Сіздерді жер қойнауын пайдалану учаскелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу қағидалары мен өткізу тетіктеріне арналған вебинарға қатысуға шақырады. Аукционға Қазақстан Республикасының мемлекеттік балансында есептелетін қатты пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары бар учаскелер қойылады.
Вебинар шеңберінде мынадай мәселелер қаралатын болады:
-
Аукциондық сауда-саттыққа қатысу рәсімі мен ережесі;
-
Сауда-саттықты өткізу тетігі;
-
Орналасқан жері, аудан координаттары, пайдалы қазбалардың түрлері және басқа да маңызды ақпаратты қоса алғанда, көрсетілген учаскелер туралы толық ақпарат.
Күні: 2024 жылғы 18 маусым
Уақыты: 11:00-12: 00 сағ. (GMT+5)
Вебинарға тіркелу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_rFLTfsnhQSyrrDfC7WZAKw
Барлық сұрақтар бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жауапты тұлғасына хабарласуға болады
Дана Бралина - d.bralina@invest.gov.kz