«Қазақстандағы жаңғыртылатын энергия көздері бойынша жобалар» тақырыбындағы вебинар
KAZAKH INVEST PriceWaterHouseCoopers (PwC) компаниясымен бірлесіп «Қазақстандағы жаңғыртылатын энергия көздері бойынша жобалар» тақырыбында вебинар ұйымдастырады.
Вебинар аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, KAZAKH INVEST, PwC, KOREM, UNDP, USAID өкілдері баяндамаларын жасайды.
Жаңартылатын энергия көздерін дамыту, Қазақстанда жобалық аукциондар ұйымдастыру және өткізу, жаңартылатын энергия көздері жобаларына инвестициялық преференциялар, сондай-ақ Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жобаларының құқықтық және салық мәселелері талқыланатын тақырыптар болады.
Тіркеу үшін сілтеме: https://vcs.imind.ru/#selfregistration:2e5f948d-90b5-4eee-97af-f80c71e66d9b