Events

Қазақстан-итальян бизнес-форумы

Қазақстан-итальян бизнес-форумы

Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан

2019 жылы 13 қарашада сағат 15.30-да Нұр-сұлтан қаласында ("Astana Marriott Hotel" қонақ үйі) алғашқы Бірінші қазақстан-итальян бизнес форумы өтеді.

Форумға қатысушылар энергетика, ЖЭК, мұнай-химия, өңдеу өнеркәсібі және АӨК саласындағы жобаларды дамыту мәселелерін талқылайтын болады. Қазақстанда жұмыс істеп жатқан итальяндық кәсіпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы бизнес климатты зерттеуге мүдделі компаниялардың өкілдері өздерінің практикалық тәжірибесімен бөліседі.

Қатысушылардың жоспарланған саны - отандық және итальян бизнес, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері арасынан 200-ден астам адам болады.

Аталған іс-шара Италия Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның Нұр-сұлтан қаласына жұмыс сапары аясында жоспарланған.

Return back
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen